Алматы облысында сарбаздың әскери қызметтен қашу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысындағы әскери бөлімінің қысқа мерзімді қызметі сарбазының қашу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қазақстан Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматы облысында сарбаздың әскери қызметтен қашу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

«Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 255-бабы 4-бөлігі (қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құралдарын ұрлау не қорқытып алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Сарбазға іздестіру жарияланды», - деп хабарлады ведомство баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, 18 қыркүйек күні таңертең Алматы облысында 1 сарбаз қашып кеткен еді. Ол қызмет еткен 2177 әскери бөлімі - ҚР ҰҚК Шекара авиациялық полкі.