Алматы облысында сарқандық тұрғын полицейдің погонын жұлып алды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат -  Алматы облысында араққа сылқия тойған сарқан ауданының тұрғыны полицейге жұдырық ала жүгіріп, погонын жұлып тастады,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
None
None

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті учаскелік полиция қызметіне  отбасылық жанжал жөнінде қоңырау түскен. Тәртіп сақшысы оқиғаның мән-жайын анықтауға барғанда, ішімдік ішкен  отағасы үйдегілердің мазасын қашырған. Жанжал шығарушы азаматты сабырға шақырған лейтенанттың өзіне сарқандық тұрғын қарсылық білдіріп, оған жұдырық ала жүгірген. Тіпті погонын жұлып, киімін бүлдірген. 

Осыған қарамастан учаскелік полицей отбасының шырқын қашырған азаматты ұстап, Сарқан аудандық  ІІБ тапсырды. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 380 бабы 2-ші бөлігіне (Билік өкіліне күш қолдану) сәйкес іс қозғалды. Ер азамат қамауда отыр. Ал  полиция қызметінде бір жылдан астам жұмыс істеп жүрген учаскелік полицей қайта қызметіне кірісті. 

Соңғы жаңалықтар