Алматы облысында селфи жасамақ болған екі жасөспірім мерт болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында смартфон камерасының көмегімен автопортрет жасау, яғни бірегей селфи түсіру әрекетінің соңы қайғылы жағдайға әкеліп соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«20 тамыз күні сағат 19:19 шамасында Алматы облысы Алакөл ауданы Бескөл ауылында балық зауытының маңында бөлек тұрған ғимаратта 2004 және 2005 жылы туған екі жасөспірім суретке түсу кезінде қаза тапты. 2004 жылы туған үшінші адам оң аяғы сынып, Үшарал қаласындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылар оқиға орнына келген бойда жасөспірімдерді 1991 жылдан бері жұмыс істемей тұрған 2 қабатты ғимараттың ішінде бетон плита басып қалғанын анықтады.

«Құтқару жұмысын жүргізуге Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінен 7 құтқарушы мен 3 техника және басқа мекемелерден 7 қызметкер мен 3 техника тартылды» деп толықтырды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар