13:12, 14 Қаңтар 2023 | GMT +5
Алматы облысында Сенат депутаттығына үміткер Жанболат Жөргенбаев көп дауыс жинады
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда Алматы облысы бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған өңірде таңдаушы ретінде тіркелген маслихат депуттарының саны – 204. Сайлаушылардың бірлескен отырысына олардың 185-і қатысып, дауыс берді. ОСК жариялаған дауыс берудің алдын ала қорытындысына сәйкес, үміткер ретінде тіркелген үш кандидаттың ішінен Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев (83,2%) көп дауыс жинады. Оның кандидатурасын 154 таңдаушы қолдаған.
Айта кетейік, бірер минут бұрын еліміздің барлық өңірлері бойынша ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда дауыс берудің алдын ала нәтижелері жарияланды.
Фото: gov.kz