Алматы облысында шаңғы жарысынан Қазақстан кубогінің кезеңі басталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Алатау» тау-шаңғы базасында шаңғы жарысынан Қазақстан кубогінің кезеңі басталады, деп хабарлайды Olympic.kz
Жарыс бағдарламасы:
31.01.2020 – Ресми жаттығу
01.02.2020 – Әйелдер және ерлер топтары арасындағы классикалық стильдегі жекелей жарыс
02.02.2020 – Ерлер және әйелдер топтары арасындағы еркін стильдегі спринт бойынша жекелей жарыс
03.02.2020 – Ресми жаттығу
04.02.2020 – Ерлер және әйелдер арасындағы еркін стильдегі масс-старт
Айта кетерлігі, төрт күнге созылатын байрақты бәсекеге Қазақстанның 11 өңірінен спортшылар қатысады.