Алматы облысында шетелдік туристер мінген көлік балшыққа батып қалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында шетелдіктердің көлігі    батпаққа батып қалды. Ағылшын, француз, корей, испан елдерінің өкілдеріне төтенше жағдай қызметкерлері көмекке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Алматы облысында шетелдік туристер мінген көлік балшыққа батып қалды

Туристер Жамбыл ауданындағы  «Таңбалы» табиғи қорығына  барар жолда  көліктері батпаққа батып, жолда қалған. Құтқару қызметінің мамандары оқиға орнына дер кезінде жеткенімен, автобусты  балшықтан  шығара алмады. Келесі күні 19 саяхатшы Қазақстан-Қырғызстан шекара аймағына жеткізілген. Олар өздерінің саяхатын ары қарай жалғастыратын болады. Ал көлігі сазға батқан шетелдік жүргізуші темір тұлпарымен оқиға орнында  қалды. Ал Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер туристің көлігін шығару үшін бүгін арнайы мамандар  сол маңға кеткенін  жеткізді.    

null null