Алматы облысында «Шөген» ойыны қайта жаңғыруда

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында «Шөген» ойыны қайта жаңғыруда. Бүгін Талғар ауданындағы Ақбұлаққа жиналған қауым жаңаша үлгідегі ат спорты мен саятшылық өнерін тамашалап қайтты,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Поло" - бұл шөген ойынының әлемдік атауы. Дерек бойынша, кезінде бұл спорт түрін біздің ата бабаларымыз ойлап тапқан. Бүгінде дүние жүзінің 80-ге жуық елі осы спорт түрімен айналысады. Біздің елде 2015 жылы арнайы федерация құрылып, Талғар ауданында шөген орталығы ашылған. Бүгінде мұнда Жетісу жерінің намысын қорғап жүрген қос команда бар.

Бір сөзбен айтқанда Шөген - ат үстінде таяқпен доп қуып ойнайтын ойын. Хоккейге ұқсайды. Алайда әр тайымы жеті минуттан тұратын бұл ойында қақпа болғанмен, қақпашы болмайды. Тәртіп ережелері де өзгеше.

«Әрбір гол салынғаннан кейін командалар қақпасымен ауысады. Сондықтан әрбір доп кірген кезде міндетті түрде екі жақ ауысып отырады», дейді «Шөген» ойыны федерациясы директорының орынбасары Айдын Жәкежанов.

 «Рухани жаңғыру деген тек мәдени көпшілік іс шаралар ғана емес, біздің бабаларымыздан қалған, бүгінде ұмыт бола бастаған, немесе азайып кеткен спорттың да түрлерін біз жарыққа шығаруымыз керек. Көрсетуіміз керек, дамытуымыз керек, айтуымыз керек. Қанатын кеңге жайдыруымыз керек. Сол үшін де бүгін бәрін жинап осындай шара өткізіп жатырмыз», -деді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.

Шараға келгендер бүркітті  қолдарына қондырып, ұшырып қызықтады. Жиналғандар саятшылық өнердің   қыр-сырына да қанық болды.

Соңғы жаңалықтар
telegram