Алматы облысында сотталған оқушылар аттестат алды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесіне қарасты ЛА-155/8 мекемесінде 2020-2021 оқу жылдары 14 сотталушы орта білім алғаны туралы және 5 сотталушы толық емес орта білім алғаны туралы аттестат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында сотталған оқушылар аттестат алды

Облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мекеме жанындағы кешкі мектепте 9-11 сынып бітірген сотталғандарға аттестаттар салтанатты түрде берілді.

«Пандемияға байланысты бұл оқу жылы барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, қашықтан оқыту бағдарламасы бойынша өтті. 2020-2021 оқу жылдары білім беру саласында жоспарланған іс-шаралар күнтізбелік - тақырыптық жоспарға сәйкес толық көлемде орындалды», - деді Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, кешкі мектепте штат бойынша жеті мұғалім және жеті көмекші мұғалім жұмыс істейді.