Алматы облысында стенд атудан VII халықаралық турнир өтеді

АЛМАТЫ. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Маусымның 23-28-і күндері Алматы облысы Іле ауданы Байсерке кентіндегі Александр Асанов атындағы атқыштар клубында стенд атудан VII халықаралық турнир өтеді.
None
None

Бұл байрақты сайыс КСРО спорт шебері, Әлем және Еуропа чемпионы Александр Асановты еске түсіруге арналып отыр. Оның ұйымдастырушылары - Туризм және спорт министрлігі, ҚР Стендтік және тәжірибелік ату федерациясы мен Александр Асқаров атындағы атқыштар клубы. Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін жарысқа биыл Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Ресейден 100 шақты мерген қатыспақ. Оларға ұлттық және халықаралық дәрежедегі төреші, КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстаның құрметті спорт қайраткері, КСРО Қарулы күштерінің бірнеше дүркін чемпионы, КСРО Кубогының иегері Владимир Бердов бастаған қазылар алқасы төрелік жасайды.

Соңғы жаңалықтар