Алматы облысында таулы жерде қар көшкіні болуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.
«Қазгидромет» РМК хабарлағандай, Алматы облысының таулы аудандарында қардың қалың болуына, таулы аудандар жауын-шашынды болуына орай 12-13 сәуірде қар көшкіні болады деп болжануда. Сондықтан да қарлы беткейлерге жолға шықпау ұсынылады.