10:20, 18 Қараша 2012 | GMT +5
Алматы облысында Текес өзеніне батып кеткен балықшының денесі табылды
АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - 17 қараша күні сағат 11.20-да Алматы облысының Райымбек ауданында
Алматы облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің (4 адам мен 1 техника) күшімен екі күн бұрын балық аулау барысында Текес өзеніне батып кеткен 30 жастағы балықшының мүрдесі жер бетіне шығарылды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.