Алматы облысында тіркелген түйнеме індетінің 4-уі зертханада расталды

АСТАНА. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ағымдағы жылғы шілденің 19-ы мен 20-сы аралығында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Қазатком селосында түйнеме індетінің күдікті 5 жағдайы тіркелді, олардың ішінде 4-уі зертханада расталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті хабарлайды.

Алматы облысында тіркелген түйнеме індетінің 4-уі зертханада расталды

«Адамдардың ауруының барлық жағдайы алдын-ала ветеринариялық куәландырусыз мүйізді ірі қара малды союға мәжбүр болумен байланысты. Ошақта байланыста болған 31 адам анықталды, оларға медициналық бақылау орнатылды және оларды химиялық алдын алу жүргізілуде, Індет ошағында эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының және Алматы облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің мамандары жұмыс істеуде», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің бүгінгі таратылған хабарламасында.