Алматы облысында тоғанда суға батып кеткен 25 жасар жігіттің мәйіті табылды
АСТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - Құтқарушылар Алматы облысының тоғанында суға батып кеткен 25 жасар жігіттің мәйітін тапты,
деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Кеше, 6 қыркүйекте Алматы облысына қарасты Сарқанд ауданының Аманбұлақ тоғанында суға батып кеткен 25 жасар жігіттің мүрдесі табылды.
ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің күшімен (3 адам мен 1 техника) оның мәйіті судан шығарылды.