Алматы облысында төрт адам, оның ішінде екі бала иіс тиіп қайтыс болды

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат - Алматы облысында төрт адам, оның ішінде екі бала ысты газға уланып қайтыс болды,

Алматы облысында төрт адам, оның ішінде екі бала иіс тиіп қайтыс болды

деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.

Мәселен, ақпанның 16-сы күні кешқұрым Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы жекеменшік тұрғын үйде пештің ақауы салдарынан көмішқышқыл газына уланып, оқиға орнында төрт адам қаза тапты. Құтқарушылардың анықтауынша, олардың екеуі 5 және 2 жастағы балалар.