Алматы облысында төрт жолаушылар пойызы жолда тұрып қалды, олардың қозғалысына су кедергі болып отыр

АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Алматы облысында төрт жолаушылар пойызы жолда тұрып қалды, олардың қозғалысына жедел еріп жатқан қар суы кедергі болып отыр,

Алматы  облысында төрт жолаушылар  пойызы   жолда тұрып қалды,     олардың қозғалысына    су кедергі  болып отыр

деп хабарлады төтенше жағдайлар ведомствосынан.

Қардың еруі және судың жиналып қалуы салдарынан теміржолды су шайып кету қаупі туып отыр, соның салдарынан «Семей-Алматы», «Павлодар-Алматы», «Алматы-Семей», «Новосібір-Алматы» пойыздарының қозғалысы тоқтап тұр, деп нақтылады Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Қазір оқиға орнында Алматы теміржол бөлімінің бригадасы: 60 адам, арнайы пойыз бен кран жұмыс істеп жатыр. Құтқарушылардың мәліметтері бойынша, жол күтіп тұрған жолаушылардың жалпы саны 1 150 адамды құрайды.