Алматы облысында ТЖ режимін бұзған 28 адам қамауға алынды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында шектеу шараларына қарамастан төтенше жағдай режимін бұзғандар көбейіп барады. Өңірде тәртіп бұзған 28 азамат қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында ТЖ режимін бұзған 28 адам қамауға алынды

Бұдан бөлек 7 азамат әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл салынды. Тағы бір азаматқа ескерту жасалды.

Алматы қаласына 22 наурыздан бастап кіріп-шығуға тыйым салынғанына қарамастан кейбір азаматтар мегаполиске баратын жаңа жолдар іздестіруін тоқтатпай жатыр. Осылайша олар өз бастарын қауіпке тігіп, коронавирустың басқа елді-мекендерге таралып кетуіне қолайлы жағдай туғызуда. Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі тәртіп бұзған азаматтарға қатаң шаралар қолданылатынын ескертеді.