Алматы облысында уақытша панажайдағы иттерді жаппай улап өлтірген
Үй жануарларының жаппай улануы туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды.
«Қиын жағдай болды. Мұнда көшеден әкелініп, емделген ит көп. Олардың бәрінің кураторы, жеке төлқұжаты мен чиптері бар. Кеше полиция мен тағы біреу келді. Олар иттерді соларға беруді талап етті. Иттердің бәрі жеке меншікте еді», – деп жазады иттерге арналған уақытша панажайдың әкімшілігі.
Алматы облысы Талғар аудандық полиция басқармасы аталған деректі тергеу амалдарын бастады.
«Ит иесі Талғар ауданының полициясына тиісті арызбен жүгінді. Факт бойынша ҚР ҚК 316-бабының 3-бөлімінде көзделген тергеу амалдары басталды. Қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүріп жатыр. Өлген иттер сараптамаға жіберілді»,- деп хабарлады Талғар аудандық полиция басқармасынан.