10:42, 18 Мамыр 2019 | GMT +5
Алматы облысында Украина азаматы адасып кетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы таулы аймақта адасып кеткен Украина азаматы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК сілтеме жасап.
1989 жылы туған украиналық сағат 15.00-де кезінде Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы таулы аймақта серуендеуге шығып, адасып кеткен. Адасқан туристі іздеу жұмыстары таңға дейін жалғасқан.
"Іздеу жұмыстарына 59 адам мен 6 техника жұмылдырылған. Украиналық медициналық қызметтен бас тартқан, оның жағдайы жақсы", - деді ТЖК баспасөз қызметі.