Алматы облысында үш жұмысшы пропан газына уланып қалды

АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат - Қапшағайда күл-қоқыс тастайтын полигонда «Іскер-Т» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің үш жұмысшысы пропан газына уланып, қайтыс болды,

Алматы  облысында  үш жұмысшы пропан  газына  уланып қалды
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жазатайым оқиға кеше, ақпанның 9-ы күні таңертең орын алды. Ведомстводан нақтылағандай, 44 жастағы ер азамат пен 21-22 жастағы екі жас жігіт тұрмыстық газ жылытқышының баллонынан шыққан газға уланып, оқиға орнында көз жұмған.