Алматы облысында ұшақ апатынан аман қалған азамат есін жиды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Алматы облысында ұшақ апатынан аман қалған 35 жастағы Орынғали Зікірбаев есін жиды. Қазір ол жансақтау бөлімінен әр түрлі жарақат бөліміне ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Апат болған Балқаш ауданы Жиделі елдімекенінен жедел түрде Алматы қаласына тікұшақпен жеткізілген науқасқа дәрігерлер шұғыл түрде ота   жасаған.

«Түскен кезде жамбас сүйек сынуына байланысты тұрақтандыру отасы жасалған. Бүгінгі таңда науқастың жағдайы орташа. Есі анық. Науқас бөлімшеге ауыстырылды», - деді Алматы қалалық  №7 ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары міндетін атқарушы Қымбат Байжігітов.

Дәрігердің айтуынша, науқас толық сауығып кеткенше  аталған емдеу мекемесінде жатады.

Естеріңізге сала кетейік,  25 тамыз күні Алматы облысында 4 орындық жеңіл моторлы ұшақ құлап , ұшқыш сол жерде қаза болды. Ал ұшақта болған екінші адам Орынғали Зікірбаев ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Алматы маңындағы Боралдай кентінен ұшып шыққан әуе кемесінің, алдын ала болжам бойынша, қозғалтқышы істен шығып, 100 метр биіктіктен құлаған.

Соңғы жаңалықтар