10:50, 21 Ақпан 2018 | GMT +5
Алматы облысында үй салуға 150 мың адам өтініш білдірген
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін алуға 150 мың адам өтініш білдірген. Оның 60 мыңнан астамы қанағаттандырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2178 пәтерлі 184 тұрғын үй салынды. Баспана құрылысына 5,2 млрд. теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді. Облыстық бюджеттен 8 коммуналдық шаруашылық нысанын дамыту үшін 884,8 млн.теңге қарастырылды. Облыс орталығы Талдықорған қаласында қолжетімді аз қабатты жеке тұрғын үй құрылысы басталды.
Айта кету керек, дәл қазір Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халық алдында есеп беруде.