Алматы облысында үйшіктен қару-жарақ табылды
«15 қарашада Алматы облысы полициясына Іле ауданының аумағында атыс қаруының сақталғандығы туралы жедел ақпарат келіп түсті. Қару-жарақ қоймасы Іле ауданының Боралдай аэродромының жанындағы «Риф-Раф» мейрамханасының артындағы қараусыз қалған үйшіктен табылды. Іле ауданының ПБ тергеушілері ТТ маркалы тапаншаны, патрондарды, гранатаны және оқ өткізбейтін кеудешені тәркіледі. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу басталды», - делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сараптама нәтижелері қоймадан табылған қарулардың қылмысқа пайдаланылғанын, не пайдаланылмағанын көрсетеді. Ал қарудың кімге тиесілі екені сот-баллистикалық сараптамасы анықтайтынын болады. Қылмыстық іс бойынша тергеу барысын Алматы облысы ПД басшылығы бақылауға алды.