Алматы облысында вандализм бойынша күдіктелген кәмелеттік жасқа толмаған үш жасөспірім ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кербұлақ аудандық ішкі істер бөліміне Сарыөзек ауылындағы зиратта болған вандализм фактісі жайлы хабарлама келіп түскен. Белгісіз біреулер 40-45 ескерткіш пен жерленген орындарды қиратып кеткен.

Алматы облысында вандализм бойынша күдіктелген кәмелеттік жасқа толмаған үш жасөспірім ұсталды

Жедел шаралардың барысында тәртіп сақшылары жергілікті жалпы білім беретін мектептің үш оқушысын ұстады. Жасөспірімдер зират жақтан қайтқан малды күтіп жүріп, футбол ойнауды жөн көрген, кейін ойын қызығына батып, зираттың ойран-топырын шығарған.

Жасөспірімдердің бұл әрекетінен келген залал мөлшері анықталған жоқ. Кербұлақ аудандық ішкі істер бөлімінде қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.