Алматы облысында заң апталығы басталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өңірде Конституция күніне орай «Негізгі заң апталығы» басталды. Апталықтың ашылу рәсіміне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Апталықтың басты мақсаты - өңірдегі кәсіпкерлерге және кәсібін енді бастағалы отырған азаматтарға ақпараттық-құқықтық кеңестер беріп, істерінің заңды тұрғыда жүргізуіне көмектесу. Сондай-ақ кәсіпкерлік саласында тәуекелге бел буған азаматтарға бағыт-бағдар көрсетіп, бизнестің сан-алуан түрлері мен бағыттары бойынша да мәлімет беріп қолдау жасау. Бірнеше күн бойы бизнес-кеңесшілер қабылдаулар өткізіп, вебинар, онлайн-кеңестер жүргізетін болады. Семинарларда заңгерлер жас кәсіпкерлерге салық заңнамалары, қызмет көрсету саласындағы заңдар мен нормативтер бойынша ақпарат береді. Жалпы Жетісу өңірінде жастар саны 500 мыңға жуық болса, олардың 26 пайызы орта және шағын бизнесте өз қабілеттерін байқауда.

Апталықтың ашылу рәсімінде Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев облыстық кәсіпкерлер палатасының да тыныс-тіршілігімен танысты. Халық қалаулысы қазіргі жұмыс істеп тұрған және жаңа бастаған бизнесмендерді қолдаудағы Алматы Кәсіпкерлер палатасының маңызды рөлін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар