Алматы облысында заңсыз балық аулағандар анықталды

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері заңсыз балық аулағандарды әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

13 қарашада Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Балқаш-Алакөл облыстық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының жедел тобымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізген. Оның барысында екі ер адам ұсталды. Олар екі резеңке қайықта қолдануға тыйым салынған балық аулау құралдарымен балық аулаған.

Айта кету керек, аулау жыл бойы балық ұстауға тыйым салынған аймақта, Іле өзенінің 120 шақырымында жүргізілген. Аталған факт ҚК-тің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-да тіркелді. Мемлекетке келтірілген залал мөлшері алдын ала есеппен 1 млн 791 мың 855 теңгені құрады.

Тәртіп бұзушылардан процессуалдық шешім қабылданғанға дейін екі резеңке қайық, екі аспалы қайық қозғалтқышы және 300 келі заңсыз ауланған балық тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар