Алматы облысында заңсыз ойын бизнесі ұйымдастырылған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде, Алматы облысының аумағында заңсыз ойын қызметін ұйымдастыру фактілерін анықтады.

Алматы облысында заңсыз ойын бизнесі ұйымдастырылған

Мәселен, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында орналасқан азық-түлік дүкенінің жер төлесін тексеру барысында 13-тен астам аппарат көлемінде ойын бизнесіне арналған көптеген компьютер техникалары тәркіленді.

Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңының 11 бабына сәйкес -

    казино мен ойын автоматтары залдары
, Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучинск ауданында орналастырылуға жатады.

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде»,-делінген ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті таратқан ақпаратта.