Алматы облысында заңсыз спирт тасымалдаушы ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алмат облысының Қарасай ауданының аумағында тиісті рұқсат құжаттарынсыз акцизделетін өнімдерді тасымалдау және сақтау фактісі бойынша Алматы облысының тұрғыны ұсталды.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, тасымалдаушы ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаменті және Қарасай ауданы полиция бөлімі өкілдерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шараларының барысында қолға түсірген.
Сондай-ақ, 12,2 тонна көлемінде спиртке тән исі бар сұйықтықты тасымалдап бара жатқан «Вольво» маркалы автокөлігі ұсталды.
Тергеу амалдары жүргізілуде.