Алматы облысында жамбылдық 54 жастағы тұрғын есірткімен ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Жамбыл облысының 54 жастағы тұрғыны есірткімен ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Алматы облысында жамбылдық 54 жастағы тұрғын есірткімен ұсталды

Ол Жамбыл ауданы «Ақтерек» бақылау бекетінде ұсталды. Тексеру барысында иісшіл иттің көмегімен Ниссан-цефиро автокөлігінің жүксалу бөлігінде іші ақшыл сары ұнтақ тәріздес затқа толы пластмассалық бөтелке табылған. Сот-химиялық сараптама нәтижесі бойынша тәркіленген заттың салмағы 1 килограмм 10,8 грамм «Героин» екендігі анықталды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу).

Ұсталған азамат Қарасай АІІБ-на уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, ағымдағы жылы заңсыз айналымнан Алматы облысы ІІД қызметкерлерімен 4 кг 681,15 гр.героин тәркіленді.