Алматы облысында жаңа балабақша ашылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Сарқан қаласында 100 балаға арналған жаңа балабақша пайдалануға берілді. Мектепке дейінгі мекеме мемлекеттік және жеке меншік серіктестік аясында ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жаңа балабақшаны  білім саласында талай жыл еңбек еткен, зейнеткер ұстаз Батима Анекина ашып отыр.

null  

«Жаңа жыл қарсаңында пайдалануға берілген нысан заманауи талапқа толықтай сай.  Бүлдіршіндердің саналы да сапалы тәрбие алуына қолайлы жағдай қарастырылған. Еліміздің ертеңгі болашағын тәрбиелеуде өз үлесімді аянбай қоса беремін» - дейді кәсіпкер Батима Анекина.

Бұл балабақша биыл мемлекеттік және жекеменшік серіктестік аясында Сарқан ауданы бойынша  ашылып отырған екінші мектепке дейінгі мекеме.   

null  

Айта кету керек қазіргі таңда Алматы облысы мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп,  балабақша ашу тұрғысынан көш бастап тұр. Мәселен, Тәуелсіздік жылдарында  338 балабақша ашылса оның 296-сы мемлекеттік-жекеменшік  аясында пайдалануға берілді. Қазіргі таңда облыс бойынша балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту деңгейі 87 % жетті.

null 

Соңғы жаңалықтар