Алматы облысында жаңбыр жауып, өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында өзен-көлдерде су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сәйкес, 27-29 наурызда Алматы облысының тау бөктерінде қатты жауын-шашын жауады, тұман түседі.

Салдарынан тау беткейлерінде су ағыны пайда болады, өзен-көлдердегі су деңгейі көтеріледі.

Сондай-ақ, Алматы облысында 29 наурызда Алакөл аймағында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды ауа райының өзгеруін бақылап, сақтық шараларын сақтауға шақырады.

«Қазгидромет» таратқан ескерту негізінде Алматының төтенше жағдайлар қызметі де тұрғындарға тауға шықпауға кеңес береді.

27 наурыз күні таулы аймақтарда қалың тұман түсіп, көктайғақ болады. Жауын-шашын жауады.

Соңғы жаңалықтар