Алматы облысында жасөспірімдер үш күнде 597 мәрте заң бұзған

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында үш күнде жасөспірімдердің 600-ге жуық заң бұзу фактілері тіркелді. Өңірде 13-15 ақпан аралығында «Жасөспірім» жедел алдын-алу шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында жасөспірімдер үш күнде 597 мәрте заң бұзған

Тәртіп сақшылары кәмелет жасына толмағандардың 579 әкімшілік заң бұзу фактісін анықтады. 13 жағдайда алкогольді ішімдік ішкен. Жергілікті полиция бөлімдеріне 500-ге жуық жасөспірім жеткізілді. Оның 400-і түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз көше кезіп жүрген.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел алдын алу шаралары барысында тәртіп сақшылары 900-ге жуық ойын-сауық орындарын аралап шыққан. Осы кезеңде бұзақылық дерегі бойынша 3 факті тіркелген.

5 жасөспірім бейімдеу орталықтарына жіберілді.