Алматы облысында жастар фестивалі өткізілді
ТАЛДЫҚОРҒАН. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алакөл ауданында «Менің Отаным - Тәуелсіз Қазақстан» фестивалі болып өтті.Алакөлдіктер алғашқылардың бірі болып Жамбыл облысының Қордай ауданынан келген «Белсенділер - Қордай жаңашылдары» жастар ҮЕҰ мен Алматы қаласының «Әскери бауырластық» қоғамдық қорының бастамасымен «Жетісу-2010» тарихи-табиғаттану авто шеруінің қатысушылары ұйымдастырған «Жылқы шеруі» әскери-патриоттық акцияның қатысушыларын қарсы алды.
Фестивальге қатысушылар Алматы-Талдыкорған-Үштөбе-Текелі-Үшарал-Алматы бағыты бойынша жүріп өтіп, Азаматтық және Ұлы Отан соғысы, ауған оқиғасына арналған ескерткіштермен танысады.
Негізгі салтанатты шаралар жұма, шілденің 23-інде Үшарал қаласының Д.Қонаев атындағы орталық алаңында өткізілді. Алакөл жастарымен қатар, оның жұмысына Алматы облысының көптеген аудандарының жас көшбасшылары мен белсенділері қатысты.