Алматы облысында жасырын сақталған қару-жарақ табылды

АСТАНА. ҚазАпарат – Алматы облысында жасырын сақталған қару-жарақ табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Алматы облысында жасырын сақталған қару-жарақ табылды

9 желтоқсан күні сағат 19:20 шамасында Талғар ауданының аумағында қару сақталған орын табылды. Аталған дерек ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Тексеру барысында 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, 5.6 калибрлі қолдан жасалған мылтық, травматикалық және пневматикалық тапаншалар, Калашников автоматы мен жауынгерлік және жарық-шу гранатасы тәркіленді.

Тергеу шаралары жүріп жатыр.


Фото: t.me/POLICE_of_KZ