Алматы облысында жер телімін заңсыз берген 5 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Панфилов ауданының прокуратурасы 2016 жылы жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін беруге байланысты заңдылықтарға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның барысында біршама заңсыздықтар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Аудан әкімдіктерін тексеру барысында жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімі 5 азаматқа кезексіз берілгені анықталды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жергілікті атқарушы органның 5 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оларға мемлекеттік қызметшінің беделін түсірді, шешімдерді қабылдау барысында қандай да бір жеке тұлғаларға басымдық беріп, заңға қайшы әрекеттерге барған деген кінә тағылып отыр», - делінген Панфилов аудандық прокуратурасының баспасөз баянында.