Алматы облысында жер үйдің аумағына лай көшкіні түсті

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Алматы облысында тау бөктерінен жеке тұрғын үйдің аумағына лай көшкіні түсті.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нен хабарлады.

Молынан түскен жауын-шашындар мен топырақтың тым ылғалдануы салдарынан Алматы облысындағы Таутүрген ауылында 16 сәуір күні кешқұрым Жайлаубай көшесіндегі жеке тұрғын үйдің аумағына тау бөктерінен лай көшкіні жүрді. Оның көлемі 262,15 текше метрді құрады. Құрбандар мен қираулар болған жоқ.

Төтенше жағдай орын алған жерге Есік аудандық ТЖБ-нің 2 маманы мен 1 техникасы және ҚР ТЖМ «Қазселқорғау» ММ-нің 1 қызметкері мен бір техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар