Алматы облысында жиналыстар саны азайды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында мемелекеттік органдар жұмысына талдау жүргізілді. Нәтижесінде мемлекеттік мекемелерде жиналыстар екі есеге азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында жиналыстар саны азайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаевтың айтуынша облыстағы мемлекеттік органдар жұмысындағы бизнес-процесстерді оңтайландыру нәтижесі шықты. Арнайы мониторинг пен талдаудан кейін мемлекеттік органдар сұрататын ақпарат, есептердің бірыңғай тізбесі бекітілді.

«Нәтижесінде есептер саны 30%-ға, жоғары тұрған органдар сұраулары 45%-ға қысқарды. Сонымен қатар, қағаз түріндегі келісімдердің қайталануы жойылды. Бұған қоса, облыстағы басшылардың қатысуымен өтетін жиналыстар саны да 2 есеге азайды», - деді департамент басшысы.