Алматы облысында жоғалған 11 жасар бала танысының үйінен табылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Іле ауданындағы «Дружба» саяжайынан жоғалған бала табылды. Владимор Диков есімді жасөспірім бір күн бойы өзге ауылдағы танысының үйінде алаңсыз жүрген, деп хабаралайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында жоғалған 11 жасар бала танысының үйінен табылды

Полицейлерге 4 сынып оқушысының жоғалғандығы жөнінде ата-анасы хабарлаған.

«Қараой ауылдық округіне қарасты «Дружба» саяжайынан 11 жастағы баланың жоғалғандығы жөнінде кеше кешкісін ақпарат келіп түсті. Ювеналды полиция, учаскелік инспекция, жол-патрульдік полиция қызметкерлері барлығы ауқымды түрде іздеу жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде бала Чапаев ауылынан табылды. Ол өзінің танысының үйінде болған», -  деп мәлім  етті облыстық ІІД Баспасөз қызметі.

Ведомстваның мәліметінше, бала дін аман. Ата-анасы оны ауылына алып кетті.