Алматы облысында жол ережесін сақтамаған 10 мыңға жуық адам жазаланды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Алматы облысының тәртіп сақшылары жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында жол ережесін өрескел бұзған 9859 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында біз тек көлік жүргізушілерінің ғана емес, жаяу жүргіншілердің де жол ережесін қатаң сақтауын талап етеміз. Жолды кез келген жерінен кесіп өту, осы арқылы апаттық жағдай тудыру деректері жиі орын алады. Атап айтсақ, жол ережесіне бағынбаған 9859 жаяу жүргінші айыппұл салынды»,- деп атап өтті облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Дәулет Молдаханов.
Ведомство басшысының ақпараты бойынша, биыл жаяу жүргіншінің өміріне қауіп төндірген 1562 жүргізуші де әкімшілік жауапқа тартылған.