Алматы облысында «Жол картасы» бағдарламасының аясында облыс бюджетінен 5 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінеді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ – Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов «Жол картасының» аясында шараларды іске асыру бойынша дағдарысқа қарсы штабтың кеңейтілген отырысын өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Отырысқа облыс басшысының орынбасарлары, облыстық мәслихаттың хатшысы, облыс әкімі аппаратының басшысы, аудандар мен қалалардың әкімдері, аудандық мәслихаттардың хатшылары, облыс прокуроры, облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы мен облыстық құрылымдардың жетекшілері қатысты.Жиынды ашқан Серік Үмбетов «Жол картасы» стратегиясының аясында дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға арнап облыс бюджетінен 5 миллиард теңгеге жуық және республикалық бюджеттен 7,7 млрд. теңге қаражат бөлінгенін айтты. «Бас-аяғы 12,7 миллиард теңге қаражатты тиімді пайдалану қажет. Бұл қомақты ақша, оларды Жол картасының бағыттары бойынша қатаң пайдалану керек», - деді облыс әкімі.Әкім Серік Үмбетов отырысты қорытындылай келе аймақ басшыларына әрбір аудан мен қалада штаб және жұмыс топтарын құруды тапсырды.
Соңғы жаңалықтар
telegram