Алматы облысында жолаушылар автобусы аударылып, 4 адам қаза тапты - ТЖМ

АСТАНА. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат - Алматы облысының Жамбыл ауданында жолаушылар автобусы аударылып, 4 адам қаза тапты.
None
None

Бұл ақпаратты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Ведомствоның хабарлауынша, оқиға кеше Алматы-Бішкек автожолының 107-ші шақырымында орын алған. Шымкенттен Алматыға келе жатқан 53 жолаушысы бар «Vanhool» автобусы жол жиегіне шығып кетіп, аударылған. Апат салдарынан 4 жолаушы оқиға орнында мерт болған. Қалған жолаушылар Жол полициясы басқармасының жедел тобы келгенше өз беттерімен Алматы қаласына жеткен.

Соңғы жаңалықтар