Алматы облысында жолаушылар көлік жүргізушісін қауіпсіздік белдігімен қылқындырып өлтірмек болған - ІІМ

АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Алматы облысында жолаушылар көлік жүргізушісін қауіпсіздік белдігімен қылқындырып өлтірмек болған. Бұл туралы бүгін елордада ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Алматы облысында жолаушылар көлік жүргізушісін қауіпсіздік белдігімен қылқындырып өлтірмек болған - ІІМ

Оның сөзіне қарағанда, өткен аптада Алматы облысы Қарасай аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне қарақшылық шабуыл туралы хабарлама түскен. Бейтаныс жолаушылар Ақжар кентінде «Мазда Кседос» автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісін белдікпен тұншықтыруға әрекеттенген.
«Жүргізуші қарсылық көрсетіп, автокөлікті тоқтатып, қашып үлгерген. Автокөлікті айдап кетпек болған қылмыскерлер жол- көлік оқиғасына ұшырап, олардың біреуі оқиға орнында ұсталды. Қазіргі кезде екінші қылмыскерді қолға түсіру шаралары жүргізілуде», - деді ол.