Алматы облысында жолаушылар тасымалдаушы 11 пойыз кестелерінен кешігуде

АСТАНА. 24 маусым. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Алматы облысында жүк пойызының болат жолдан шығып кетуінен жолаушылар тасымалдаушы 11 пойыз қозғалыстарын тоқтатты.

Алматы облысында жолаушылар тасымалдаушы 11 пойыз кестелерінен кешігуде

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәлім болғандай, 24 маусым күні түнгі сағат 1-ден 45 минут кеткенде Алматы-Отар учаскісінде №3401-ші жүк пойызының тіркемесіндегі №28043701-ші вагонның бүйір рамасының бұзылуынан 9 вагон темір жолдан шығып кеткен. ҚТЖ-дан анықтағандай, вагондар 2010 жылы Алтай вагон құрастыру зауытында шығарылған.

«Зардап шеккендер жоқ. 460 метр жол зақымдалды. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта жолаушыларды тасымалдаушы 11 пойыз кідіріп тұр», - делінген таратылған хабарламада.