Алматы облысында жүк көлігі шатқалға түсіп, ер адам мерт болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында жүк көлігі шатқалға түсіп, бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«9 сәуірде сағат 15:30-да Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Ескелді ауданында «Шерқасай» шатқалына таудағы жолдан «Газ-66» автокөлігі аударылып түскені туралы хабар жеткен. Оқиға салдарынан 1969 жылғы ер адам сол жерде қаза тауып, 1990 жылғы азамат жарақат алған», - деді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Алматы облыстық ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларының (5 қызметкер мен бір техника), еріктілердің (10 адам мен 2 техника) көмегімен шатқалдан қаза тапқан жүргізушінің мәйіті шығарылды.



Еламан Тұрысбеков

Соңғы жаңалықтар