13:59, 01 Маусым 2017 | GMT +5
Алматы облысында жұмысшылар екі ай бойы жалақы алмаған
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жұмысшылар екі ай бойы жалақы алмаған. «Панфилов Су құбыры» МКК 125 қызметкеріне 6 524 430 теңге берешегі бар екені анықталды, деп ҚазАқпарат тілшісі.

Панфилов ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуы, сондай-ақ қадағалау аумағында жалақы қарызының болуы мәселесіне талдау жасады. Заңнама талаптары орындалмағандықтан 125 азаматтың конституциялық құқығы бұзылған.
Аудандық прокуратура тарапынан Алматы облысы бойынша еңбек инспекциясына заңбұзушылық фактілерді жою туралы ұсыныс енгізілді. Құзырлы органның қадағалау актісін қарау нәтижесімен кәсіпорын директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазірге уақытта, мекеменің жұмысшыларының алдындағы қарызы толығымен төленді.