16:59, 12 Наурыз 2020 | GMT +5
Алматы облысында жұртты балағаттаған ауыл әкімі жұмыстан қуылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жұртты балағаттаған ауыл әкімі жұмыстан қуылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Желіде жұртқа боқауыз сөз айтқан ауылдық округ әкімінің видеосы тараған. Осы мәселеге орай, ауыл әкімін жұмыстан босату туралы шешім қабылданды. Қазір тиісті құжаттар әзірленуде», - деп мәлімдеді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.
Ведомствоның өкілдері бейәдептік танытқан Еңбекшіқазақ ауданындағы Көктөбе селолық округінің әкімі Болат Жасыбаев екенін растады.