Алматы облысында жүзге жуық мал өрттен қырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында мал ұстайтын база өртеніп, жүзге жуық мал жанып кетті, деп хабарлайды Қазақпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Алматы облысында жүзге жуық мал өрттен қырылды

«25 қазан күні 15:00-де өртке қарсы қызмет пультіне Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылы маңындағы мал ұстайтын базаның өртенгені туралы ақпарат келіп түсті. Өртті сөндіруге жеке құрамның 9 қызметкері және облыстық ТЖ департаментінің 2 техникасы жұмылдырылды», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Өрт 16:05-те ауыздықталды және 17:31-де толық сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 840 шаршы метрді құрады.

«Соның салдарынан шамамен 100-ге жуық ірі қара мал қырылып, 160 тонна шөп өртеніп кетті», - делінген ресми хабарламада.

Осыған дейін Алматыда полиция көлігінің өртенгенін хабарлағанбыз.



Иллюстрациялық фотог