Алматы облысында жыл басынан бері 4 тоннадан аса есірткі тәркіленген

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында көлігіне ірі көлемде есірткі жасырған тұрғын ұсталды. 36 жастағы көлік жүргізушісін полицейлер «Алматы-Бішкек» тасжолының 59 шақырымында орналасқан бақылау бекетінде тексеру барысында қолға түсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында жыл басынан бері 4 тоннадан аса есірткі тәркіленген

Көлікте жасырылған есірткі арнайы үйретілген қызметтік иттің көмегімен табылды.

«5 келі 360 грамм гашиш көліктегі орындықтың астына жасырылған. «Мерседес-Спринтер» көлігінің жүргізушісі ұсталып, Жамбыл аудандық ІІБ-де қамауға алынды. Қазір күдікті есірткіні қай жерге жеткізбек болғаны анықталып жатыр», - деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметі.

Қазір осы фактіге сәйкес ҚР ҚК 296 бабының 4 тармағына орай соталды тергеу басталды. Ал ұсталған күдікті Талғар ауданының тұрғыны екені анықталды.

Полицейлердің мәліметінше, жыл басынан бері Алматы облысында 4 тоннадан аса есірткі тәркіленген. Оның 1 келісі героин болса, 15 келіден астамы гашиш.