Алматы облысындағы ауылдардың бірінен зеңбіректер табылды - ТЖМ

СТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы ауылдардың бірінен зеңбіректер табылды.
None
None

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, тамыздың 10-ы күні 16 сағат 38 минутта Іле ауданына қарасты Түймебаев ауылының жергілікті тұрғынынан, жекеменшік иеліктегі өнеркәсіптік базаның аумағынан әскери құрылғыға ұқсас зат табылғандығы туралы хабар түскен.

«Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында табылған заттар екі дана көлеміндегі 33 миллиметрлік зеңбіректер, яғни зениттік автоматтар екендігі анықталды. Олардың жанында сондай-ақ қосалқы бөлшектер де жатқан», - анықтады ТЖМ-нан.

ҚР Қорғаныс министрлігінің саперлары құрылғыларды жоюға алып кетті.

Соңғы жаңалықтар