Алматы облысындағы бір ауданда 6 учаскелік полиция пункті ашылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Алакөл ауданында Тұңғыш Президент күні қарсаңында 6 бірдей учаскелік полиция пункті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысындағы бір ауданда 6 учаскелік полиция пункті ашылды

null
Ақжар, Еңбекші, Сапақ, Көктұма, Ақши  ауылдарында полицейлік пункт пайдалануға берілді. Жаңадан бой көтерген ғимаратта қызметтік  орын ғана емес, 3 бөлмелі тұрғын үйі де қарастырылған. Бұл бастама  елді мекендердегі тұрғындар тыныштығын толықтай қамтамыз етіп, қылмыстың алдын алу мақсатында жасалуда. Мәселен бір ғана Алакөлдің жағасындағы Ақши ауылының 600-ден аса тұрғыны бар. Оған қоса жыл сайын бұл жерге мыңдаған турист демалуға келеді. Басына іс түсіп, арыз айта келген жұрт бұрындары аудан орталығына сабылатын. Енді, ауыл тұрғындары полиция учаскесінің қызметіне күндіз-түні жүгіне алады. Жалпы жыл басынан бері ауданда 430-дан аса қылмыстық іс тіркелген. 

Айта кету керек, жергілікті жерлердегі учаскелік полиция бөлімшесін баспанамен қатар ашу әзірге Алматы  облысында  ғана жүзеге асырылып келеді. Оған өңір қазынасынан 1 млрд аса қаражат бөлінген.