Алматы облысындағы республикалық жолды тау бөктерінен құлаған тас көшкіні басып қалды - «Қазақавтожол» РМК

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы республикалық жолды  тау бөктерінен құлаған тас көшкіні басып қалды. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Бүгін сағат 9:30 кезінде Алматы-Космостанса республикалық маңыздағы жолының 19 шақырымында (автожолдың таулы жердегі аралығы) мол жауын мен қардың салдарынан тау бөктерінен ығысқан тас  көшкіні жолдың жүретін бөлігін басып қалды.

Аталған учаскеде уақытша көлік қозғалысы шектелді. Қазіргі кезде жолға түскен тас көшкінінің көлемі анықталуда.

Соңғы жаңалықтар